Шымкент қаласы №4 балалар үйі балапандары мен Шымкент қаласы полиция департаменті 2019ж. 6 сәуір

2019 жылдың 6 сәуір күні «Динамо» спорт кешенінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының қатысуымен Наурыз мерекесі аталып өтті. Бұл мерекелік думанға қаламыздағы бірқатар беделді азаматтары мен журналистер қатысып, қазақ үшін қасиетті саналатын төл мерекеде тәртіп сақшыларына игі тілектерін жолдады. Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е. Жумаханбетов жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, мерекелік кеште №4 балалар үйінің арнайы дайындаған мерекелік концерті қойылды. Балалар үйінің өнерлі жастардың орындауындағы әсем ән-жырлар кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
Полиция қызметкерлері алты түрлі спорттық іс-шараларға қатысып, ұлттық ойындарда бақ сынасты. 
Қызметкерлер күнделікті қызметте біліктілігін танытып қана қоймай, көктемгі той-думанға белсенді қатысып, мерекені шын жүректен және ұйымшылдықпен қарсы алды. 
Шара соңында молшылықтың белгісіндей ақ дастархан жайылып, Наурыздың басты дәмі наурыз көже таратылды. Мерекенің соңында қонақтар мен ұйымдастырушылар «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының көрсетілімін тамашалады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?