Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев халықпен кері байланысты, полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін бүгін 5 сәуір күні қаламыздың адам көп шоғырланған орталықтарында «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Акцияға Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасарлары М. Алтаев, Н.Дауылбаев, А. Әмзеев сағат таңғы 9-00 ден бастап, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қала орталығында әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізуде. Азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар жасақталды. Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар автокөліктерді тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды анықтау және оларды қалай қайда төлеу бойынша халыққа қызмет көрсетілетін қызмет түрлерін, жаңартылған жол белгілері туралы ақпараттар алды.
Қазіргі таңда 506 қала тұрғындары жүгінді. 
Акция барысы Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми парақшаларындағы әлеуметтік желілерде (Инстаграм @police_17_kz, Facebook Шымкент қаласының Полиция департаменті) тікелей эфирде көрсетілуде.
«Жолда қабылдау» акциясы ертең де сағат 09:00-ден сағат кешкі 19:00-ге дейін өз жалғасын табады. Сондай-ақ, 97-66-93 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасайтын болады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?