Бүгін, 3 сәуірде Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы полиция кіші лейтенанты Рүстембек Сүндүтовпен кездесті. Ол 21 наурыз күні кешкісін көпірден секірген әйелді құтқарып қалған болатын. Өкінішке қарай, сол түні қасында болған әріптесі Шалқар Ақымғалиевтің ғұмыры үзілді. Рүстембектің өзеннен жолдасын өздігінен тапқысы келген әрекеті сәтсіз аяқталды. 3 градустан аспайтын температурадағы суық судан 30 жастағы кіші лейтенант Сүндүтов жағалауға аман шықты. Рүстембек үйленген, екі баланың әкесі.
-Бүгінде қоғамда полицияға қатысты қалыптасып қалған теріс стереотип бар. Құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы сындарды жиі естиміз. Сіздер, өмірден өткен жолдасыңыз Шалқар Ақымғалиев екеуіңіз қазақстандық полиция туралы сондай түсініктерді теріске шығардыңыздар. Өскелең ұрпаққа үлгі болдыңыздар, ата-аналарыңыздың тәрбиелі ұлдары екендеріңізді көрсеттіңіздер, сіздерді барша ел мақтан етеді, -деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.
Атырау қаласының әкімі Рүстембек Сүндүтовке құрмет грамотасын табыстап, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?