Көктемгі демалыс күндері «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының қолдауымен «Көшбасшы жолы» атты 13-17 жас аралығындағы оқу үздіктері мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп турларын ұйымдастырды. Аталған тур 2017 жылдан бастап бастап төртінші рет өткізіліп отыр.

Туристік бағдарлар Елбасының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қызметімен тығыз байланысты жерлерге баруды қамтиды. Бүгінгі күнге дейін оларға Қазақстанның 14 аймағынан 1600-ден астам оқушы қатысты.

Биылғы турлар 2019 жылдың 24 наурызы мен 3 сәуірі аралығындағы мектеп демалысы уақытында өткізілді.

Астанада оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мұражайына, қорына және кітапханасына, Бейбітшілік және келісім сарайына, «Астана-Бәйтерек» монументіне және Назарбаев Университетіне барды.

«Нұр-Сұлтан қаласы суреттегіден де әдемі, сұлу, керемет екен. Біз Ақтөбе қаласынан 35 оқушы мен 5 жетекші мұғалім барған болатынбыз…Мен осы демалысымда жаңа орта, жаңа достар тауып, кереметтей уақыт өткіздім», — деп Ақтөбеден келген 9-шы сынып оқушысы Сабурова Гүлдәурен әлеуметтік желіде бөлісіпті.

Алматылық турдың бағдарламасы Алматы облысындағы Елбасы оқыған Қарасай батыр атындағы мектеп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің үй-мұражайы, «Батыр Бабалар» мемориалды кешені, сондай-ақ Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент саябағы, Орталық мемлекеттік мұражай мен Медеуді қамтиды.

Мектеп турларының ұйымдастырылуы оқушылардың арасында патриотизм мен көшбасшылықты дамыту, әлеуметтік туризм мен ішкі туризмді ілгерілету болып табылады. Тур нәтижесінде мектеп оқушылары еліміз үшін тарихи және мәдени маңызы бар Қазақстан Республикасының көрнекті орындарына барудан ерекше тәжірибе және әсер алды.

Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі, Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?