Әлеуметтік желіде таралып жатқан бұл бейне жазбаға тексерілу жүріп жатқаны туралы төмендеі жауапты, Түркістан облысы полиция департаменті жариялайды.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының сотынан 19 наурыз күні «102-ге» мас халдегі ер азаматтың ғимарат ішінде шу шығарып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орын алған жерге аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бағыт алады. Шу шығарған ер азаматтың 1980 жылы туылған жергілікті тұрғын Нұрлан Смайлов екені анықталды. Азамат Смайлов заң қызметкерлерінің заң талаптарына агрессия танытқан. Сонымен қатар соттың қызметкерлері мен келушілерінің көзінше полиция қызметкерлерін боғауыз сөздерімен балағаттаған. Полицейлерді былапыт сөздерімен балағаттаған іс әрекеттерін Смайлов өзін алып барған аудандық полицияның ауласында да жалғастырған. Сонымен қатар, физикалық тұрғыдан қарсылық танытқан. Аталған жайт 19 наурыз күні Қазығұрт АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілді. Сараптама тағайындалды. Сараптаманың қорытындысы бойынша азамат Смайлов учаскелік полиция инспекторына дене жарақатын салған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 380-бабы «билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. 
Түркістан облысы ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?