12 сәуірде елордалық полицейлер автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Қаскүнемдер автокөліктерді дабылдатқыштарын сканерлеу арқылы ашқан. Ұсталғандар автокөліктерден бірнеше ұрлық жасағандарын мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында бұрын осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне (Бейбітшілік,19) немесе 8 (7172) 71-61-07; 71-60-28, «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне қойылған автокөліктердің салонында бағалы заттарыңызды қалдырмауларыңызды ұсынады. Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбанына айналмас үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау қажет: атап айтқанда кілттеріңізді, бағалы заттарыңызды (сөмке және барсетка, ноутбук, ұялы телефондар) көлік салонында қалдырмаңыздар. Автокөліктен шыққан кезде бар болса дабылдатқышты және басқа да күзет құралдарын қосып кетіңіздер. Автокөліктен шыққан кезде есігі және терезесі дұрыс жабылғанын тексеріңіздер, түнгі уақытта автокөлікті тек қана күзетілетін тұрақтарда немесе гаражда қалдырыңыздар.»Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіНұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?