Қызылорда қаласында Жастар жылына арналған VІІІ жазғы салалық Спартакиада бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатында әнұран шырқалып, алғы сөз Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлына берілді.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлына «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Орталық Кеңесінің төрағасы Ішкі істер Министрі полиция генерал-майоры Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлының «Құрмет грамотасы» табысталды. 
Турнирге барлығы 10 команда, оның ішінде ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер Министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі командалары қатысты.

Екі күнге созылған сайыс өте қызу тартысты өтті. Алайда, шеберлігі асқан, айласы мен күші басым деген командалар жеңіске жетті.

100 спортшы қатысқан спорттық бәсекенің нәтижесінде шағын футболдан 1 орынды иеленген ҚР Ішкі істер министрлігі командасы, 2 орынды иеленген ҚР ҰҚК Шекара қызметі командасы, 3 орынды ҚР Бас Прокуратурасы командасы иеленді.

«Үздік шабуылшы» номинациясымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ойыншысы Отыншиев Марат Қамбарұлы, «Үздік қорғаушы» номинациясымен ҚР Ішкі істер министрлігі командасының ойыншысы Сағындықов Данияр, «Үздік қақпашы» номинациясымен ҚР Бас прокуратурасының ойыншысы Зулкашев Қуаныш марапатталды.

Сыр өңірінде өткен республикалық бәсекеде оза шапқан командалар кубокпен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. 

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?