2019 жылдың 11-ші сәуір күні сағат 09:20 шамасында, Сарыағаш АПБ-нің 102 сымететігіне Сарыағаш орталық ауруханасынан жергілікті тұрғын жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғаны жайлы хабарлама келіп түседі.

Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына аудандық полиция бөлімі жедел тергеу тобы шығады. Тексеру барысында, 11.04.19 жылы сағат 08:25 шамасында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылының шығыс беткей бөлігі арқылы өтетін «Жібек жолы-Дербісек» тас жолының бойында белгісіз жүргізуші анықталмаған автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалғаны анықталады. Орын алған жол көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіледі, бірақ жарақаты себебінен қайтыс болған.

Адам өліміне әкеліп соққан оқиға Сарыағаш АПБ-мен ҚР ҚК-нің 345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347 «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған жаяу жүргінші мәйітіне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған белгісіз жүргізушіні және оның басқаруында болған автокөлікті анықтау мақсатында, Түркістан облысының барлық құрылымдарына сілтемелер жіберілді. Сонымен қатар, БАҚ-да жұмылдырылды.

Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері шұғыл іздестіру амалдарын жүргізу нәтижесінде кұдікті, жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда, тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?