Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты нөмірі 83 мектептің бүгіңгі таңда бітіріп кеткен, 11сынып оқушылары арасында, суицидке барған Ерсұлтан есімді түлек еді. Алайда ол бала, Өзбекстаннан келген қазақ қандастарымыздың кенже баласы. Бүгіңгі таңда ортамызда жоқ. 
Ал өзіне қол жұмсауға итермеледі және бопсалады деген айып пен, сол мектептің 10 сынып оқушысы, мектептің үлгілі баласы, мектеп президенті, Нұрбек есімді оқушы, ҚР ҚК-нің 194-105 баптарының тармақтары мен, 3 жылға бас бостандығынан айрылған. 
Нұрбектің анасы айтуынша, баласы бейкүнә екенін дәлелдей алмай, жазықсыз қамалды деп, күйініп жүр. Барар жерін таппай, кімнен көмек сұрарын білмейді. 
Бір қызық жері, жәбірленуші, яғни дүние салған Ерсұлтанның ата-анасы да, «Нұрбек емес баламды осындай һәлге жеткізген, кінәлі бостандықта жүр»- дейді. Ерсұлтанның ата-анасының және күәгерлердің айтуынша, М есімді баланың әкесі келіп, мектеп мұғалімі мен, кешірім сұраған екен. Ал М есімді бала, Ерсұлтан қайтыс болғанда, қалтасында жазып қалдырған 4 баланың есімінің ішінде аты аталған оқушы болған.
Тағы айта кететін жері, М есімді бала, ВК әлеуметтік желісі арқылы да ақша бопсалап, жазған смс хабарламалары айғақ ретінде сотқа ұсынылған. Ерсұлтанның қалтасында есімі аталған төрт баладан жауап алынғанда, төрт бала, ақша жинағанын айтып, «ақшаны Нұрбекке алып барып бердік»- дейді. Алайда Нұрбекке ақша бергенін дәлелдейтін тек ауыздағы сөзден басқа айғақ жоқ!
Енді келіп сот апелляциясында судьялар жауап алған 15 ке жуық оқушы, тергеуде берген түсініктемелерін теріске шығарды. Сол 15 ке жуық оқушылар, жәбірленуші болып танылып, «Нұрбек ақшаны бопсалап сұрап, қысым көрсеткен емес, тергеуде берген түсініктемеміз қате, біз қорққанымыздан оқымай, көптеген қағаздарға қол қойғанбыз, егер қол қоймасаңдар, Нұрбектің артынан кетесіндер, қамаймыз сендерді де» сынды ақпараттарды айтып жаға ұстатты. «Нұрбекті 4000 теңге туылған күніне беріп, ұстатып жібереміз, сонда бәрінен құтыламыз»- деген мектеп завучы туралы жауаптар да беріліп жатыр Жәбірленушілер, «Нұрбек мектепте іс-шаралар ұымдастырып, үлгілі болып жүрген жігіт еді, ол СМОТРЯЩИЙ болмаған»- деп жауаптар желдей есті.
Ал ВК әлеуметтік желісінде жарияланған «СМОТРЯЩИЙ» лер бәлкім осы сүреттегі балдар болар, Нұрбек емес. Тағы бір күмән, дәл осы, қару мен суретке түскен балалар, қацтыс болған Ерсұлтанның қалтасында табылған қағазда көрсетілген 4 баланың суреттері. Ішінде Нұрбек жоқ.
Судьялардан енді қалған үміт.

Тағы бір айта кететін жәйт, қайтыс болған Ерсұлтанның қалтасында шыққан қағазда, аттары аталған төрт бала жауапқа тартылмаған.
Жалғасы бар.
Сардар Әбдіжақия 
Шымкент.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?