Дүние салған Ерсұлтанды ұрып жатқаны туралы көрсетілген сурет

Тағыда сол №83 мектептегі «СМОТРЯЩИЙ» деп аталған пікірлерге, пікірлер!Ия рас, бір бала өлді, бірі қамалды, «СМОТРЯЩИЙ» лер еркіндікте жүр. Ал № 83 мектептегі 11 сынып оқушысы Ерсұлтанның өлімінен кейін, Ерсұлтанның телефонынан , отбасындағылар, айғақтар таба бастаған. Бұл сүреттер, Ерсұлтанның телефонынан табылған көрінеді. Смс хабарламаларында Ерсұлтанға ақша туралы жазылған бір қаншама СКРИНШОТТАР бар. Соңында әбден шегінен асқаннан болар, Ерсұлтан өзінің сөңғы қоштасу өлеңін жазып, өз өлімінен алдын ВК желісі арқылы, түнгі сағат 03:00 шамасында, Ы есімді ҚЫЗҒА ЖОЛДАП үлгереді. Бірақ бұл тұралы тергеуде сұралмаған, анықталмаған!Алайда бұл ақпараттар аз болса керек, істі сотқа өткізуге асыққан болар, тергеуші, тергеп жатып, қайтыс болған Ерсұлтанның аяғына пышақ сұққан бала туралы сұрамағаны және анықтамағаны адам көңліне кірбің салып, күдік келтіріп тұр. НЕГЕ деген сұрақтан жалыққан сияқтымыз.

Себебі, нақты тұшымды, ресми жауап жоқ!

Суреттердегі тапаншаны біресе ойыншық, біресе тауып алдық деген бейресми ақпараттар көшеге толып кетті. Нақты, ресми ЖАУАП ТАҒЫ ЖОҚ!Тергеуді қайта жүргізу керек деп санаймын.

Ерсұлтанның қалтасында есімі аталған 4 баланың бірі

Неге деген сұрақтарыңыз болса мен жауапсыз қалдырмауға тырысамын. Кеше жуырда ғана тараптардың қалауы мен сотқа қатысып көрген- білгенін айтсын деп шақыртылған А есімді оқушы мен сол оқушыға хабарласып, қамалған Нұрбекті кінәсі жоқ екенін дәлелдейтін бейне жазба бар екені туралы ақпарат тарап, сол ақпаратты бар екенін білген «СМОТРЯЩИЙ» лер қыз бен баланың өміріне қауіп төндірді және отбасы мен қосып өлтіретіні туралы полиция департаментіне хабарланып, айтылған. Кім ол, өлтіріп кетпек болғандар? Егер қылмыскер дұрыс қамалған болса, жаны шырылдап, не істерін білмей, оқушыларды қорқытып жүрген кім?

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы
(жалғасы бар)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?