2019 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру және өрт қауіпсіздігі негіздеріне үйрету үшін, сондай-ақ оқушыларды өрт сөндіру және құтқару жұмыстарына баулу мақсатында Тараз қаласындағы орта мектептерінің 7-8-9 сыныптары арасында мектептен тыс жарыс өткізілді. Оқушылар өрт сөндіру-құтқару спортының жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасының 2-3 қабатына шығу түрлерінің жекелеген элементтерімен танысып, одан әрі аталмыш спорт түрі бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Жарыс соңында барша жарысқа қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Өйткені олар жеңімпазды анықтау үшін емес, өздерінің білімдерін дамыту үшіне қатысқан болатын. Шара соңында оқушылар өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасап, өрт сөндіру техникаларымен, өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен танысты. Шара соңында мекеменің кәсіби даярлық мектебінің оқу сыныбына жиналған оқушылар бір-біріне

жұмбақ жасырып, түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітіп, одан әрі бүгінгі шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Өрт сөндіру техникалық орталығының бас технигі

Жазира Аманбекова

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?