«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Асанәлі Әшімовтің өнер мен мәдениетті қолдау қоры» қоғамдық қорының ресми ашылуы болып өтті. Еліміздің өнері мен мәдениетінің тарихындағы маңызды іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, қоғамдық қордың қанатын кеңге жаюына тілектестік білдірді.
Қордың биік мақсаты – еліміздегі мәдениет пен өнерді дамытумен қатар жас таланттарға қолдау көрсету және қоғамның аса көрнекті қайраткерлерінің еңбегін дәріптеп, сақтау, аса көрнекті мәдениет қайраткері Асанәлі Әшімовтің сіңірген еңбегін қоғамдық қор арқылы мемлекетіміздің мұрасына айналдыру. Театр және кино өнеріне еңбегі сіңген корифейлерге көмек көрсету, қолдау білдіруді де аталған қоғамдық қор қасиетті парыз санайды. 
Қор жұмыстарының қатарында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының үздік деп танылған студентіне қордың атынан бір жылдық шәкіртақы тағайындау, үздік деп танылған студенттерді алыс-жақын шетелдік оқу орындарына тәжірибе алмасуға жіберу.
Қордың құрылтайшылары – «Арна Group» құрылтайшысы Мейіржан Оразбаев, «Kusto Group» құрылтайшысы Еркін Тәтішев, «Катэк» ЖШС-нің президенті Құндыз Нупов. Қоғамдық қордың төрайымы – Бағдат Әшімова. Қордың директоры – Динара Әбсалық. 
Қоғамдық қордың ашылу рәсімінде Асанәлі Әшімұлының «Менің жанрым – күнделік» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды. Театр тарланының жан-дүниесіне, көңіл терезесіне бір сәтке үңілдіретін бұл кітап «ARNA-B» баспасынан жарық көрген. Талантымен күллі әлемді тамсандырған әлемге әйгілі актердің соңғы 50 жылға жуық жазған күнделіктері бүгінде бірнеше рет жеке кітап болып жарыққа шығып, оқырман сұранысын арттырып келеді. Оқырманға жол тартқан жаңа кітапта сол күнделіктердің соңғы 7 жылдағы жазбасымен қоса толық нұсқасы жарияланған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?