2017 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің астық нарығын тұрақтандыру бойынша өткізілген кеңестің №01-8/1 хаттамасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевтың Ресей аумағынан заңсыз астық кіргізілуіне жол бермеу мақсатындағы кеңестің хаттамасына орай, ұйымдастырылған мобильдік топтардың жұмыстары бойынша «Тасқала» мобильдік тобы 2019 жылдың 23 сәуірінде Тасқала автобекетінде Ресей Федерациясынан карантиндік өнімдерді заңсыз кіргізбеу жөнінде рейдтік шаралар ұйымдастырды. Рейд барысында Ресей Федерациясы аумағынан карантиндік өнім тиеген автокөліктер болған. Қазақстан Республикасы аумағынан Ресей Федерациясы аумағына Орал қаласынан астық өнімі, Шымкент қаласынан капуста және Қырғызстан Республикасынан сәбіз өнімі экспортталуда. Экспортталған карантиндік өнім тиеген автокөліктердің фитосанитарлық сертификаттары тексерілді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?