Әлеуметтік желілер ақпараттық кеңістікте жетекшілік ұстанымға ие екендігі баршамызға мәлім. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев халықпен өзара ықпалдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуды тапсырған еді. Осыны ескере отырып, ІІМ қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жандандыру, әлеуметтік желілер арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е. Тургумбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 22-23 сәуір күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында «Коммуникативті менеджмент» тақырыбындағы 16 сағаттық семинарға қатысып, білімін шыңдап келді.
Аталған семинарды Түркістан облысы әкімінің БАҚ мен коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Рожин Максим Николаевич жүргізіп, Social Media Marketing аясындағы түсінік, 2019 жылғы оның ерекшеліктері, Instagramm, Facebook әлеуметтік желілері, IGtv видео-контентін жүргізе білу, Мемлекеттік PR-дағы копирайтинг, дағдарыстарды басқару тақырыптары аясында өткізілді. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық әкімдігі, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Жастар ресурстық орталығы, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасының пресс-хатшылары және жергілікті атқарушы органдарының жетекшілері қатысты.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?