Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Біләлов Берік Сұлтанғазыұлы тағайындалды. 
Департаменттің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди облыс әкімі Ермек Маржықбаевпен бірге таныстырды. 
Б.С. Біләлов 1963 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. 
Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап орта және жоғары басшылық құрамда қызмет етіп келеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, ТМД аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюроның уәкілетті өкілі (Мәскеу қаласы), ІІМ Штаб-департамент бастығы болып жұмыс істеді. 
2014 жылғы қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментін басқарды. 
Ержан Сәденов берген рапортына сәйкес облыстық полиция департаменті бастығының лауазымынан босатылды және Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?