Бүгін 20 сәуір күні — Халықаралық би күнін атап өту аясында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ақ кербез» І республикалық би фестивалі өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты-би ұжымдары арасындағы байланысты нығайту, би өнерін дамытуға үлес қосқан балетмейстерлер мен хореографтардың шығармашылығын насихаттау.

Фестивальге Ақтөбе қаласынан «Аққу», Орал қаласынан «Назерке», Шымкенттен «Қаракөз», Тараз шаһарынан «Томирис» ансамбльдері, сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар — Қорқыт Ата атындағы университеттің «Дидар» ансамблі, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің «Нұргүл», Қазанғап атындағы музылық колледжінің «Сыр сұлуы», қалалық мәдениет үйінің «Арайлы» би топтары қатысты.

Фестиваль аясында балетмейстер, хореограф, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлбану Мырзабаеваның шығармашылығына арналған «Томирис» би ансамблінің концерті ұйымдастырылды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?