Жамбылдық полицейлер жас баланың өліміне қатысты күдіктіні ұстады- деп жазады, Жамбыл облысының полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев өзінің фейсбук парақшасында.
2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын. Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні қаланың сыртынан жоғалған қыздың мәйіті табылып, Полиция департаментімен қылмыстық іс «кәмелетке толмағанды өлтіру» бабына ауыстырылды. 
Аса ауыр қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы Полиция департаментінің, прокуратура және тағы басқа күш құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды. 
Полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталды. Іс бойынша айғақ заттар алынды. Ол — 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны, отбасылық жағдайы — үйленген және бұрын Қылмыстық кодекстің 175-бабы 2-бөлімімен (ұрлық) сотты болған. 
Аталған дерек бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар кешені тағайындалды. 
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?