Бүгін, 2019 жылдың 29 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты рейді басталды. Аталған рейд 4 күнге жалғасын табады. 29-30 сәуір және 2-3 мамыр аралығында. 
Шараға «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысады. 
Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Рейдтік іс-шараның бір күндік нәтижесінде қаладағы жол қозғалыс ережелері бойынша құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтауға тыйым салынған жерде жол жүрісі ережесін сақтамаған автокөліктердің тұрғаны анықталып, оларға сол жерде әкімшілік хаттамалар арнайы планшет арқылы толтырылып, айыппұл түбіртектері берілді. Сондай-ақ, оларға және басқа да жол қатысушыларына арналған арнайы жүргізуші жадынамасы таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейдтің өту барысын біздің Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан бейнежазбасын көре аласыздар.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?