Шымкент қаласындағы № 83 мектептің сотталған оқушысы Нұрбектің ісіне зерттеу жұмыстарын өз тарапымнан жүргіздім. Мен көз жеткізгенім, сот отырысының бірінші сатысындағы жағдайлар түсініксіз болып тұрғаны. Шымкент қаласының судьясы Қ. Қоңырбаев қараған іс көңілге қонымды болған деп санадым. Шымкент қаласының судьясы Қ. Қоңырбаев, сот отырысында, қайтыс болған Ерсұлтанның қалтасында табылған қағаздағы есімдері аталған балаларды жауапқа тарту туралы қаулысы болған. Бірақ, қазіргі таңда Түркістан облысындағы апелляциялық сотта, аталған 4 бала жауапқа тартылмайтын болып, Қ. Қоңырбаевтың шығарған қаулысының күшін жойылған. НЕГЕ?

Есімдері аталған 4 баланың ішіндегі балдардың суреттері яғни қолыдарындағы қарулар туралы 4 бала жауапқа тартылмаған. Ал 4 бала түсініктемеде қаруларды көшеден тауып алып, суретке түсіп, қайта орнына қалдырып кеттік деген оқушылар сотта, жаппай «ойыншық қару»- деп жауап беруге көшті. Мейлі ойыншық қару болағойсын. Тергеу барысында өздері берген жауаптарындағы қаруды көшеден тауып алдық та суретке түсіп, қайта орнына қалдырып кеттік- деген. Ал жауап алған тергеуші, айдың- күннің амандығында жәйбірахат көшеде жатқан қандай қару- деп, іздеу әрекеттерін жасамаған. Жалған ғой деп көз жұмасалған да шығар, тағы кім білсін…?Сол 4 баланың ішіндегі М есімді баланың ВК әлеуметтік желісінде қайтыс болған Ерсұлтанға және тағы да басқаларға ақша сұрап жазған, смс хабарламаларын және сол смс хабарламаларды өшіріп тастау туралы жазылған жазбалар анықталып тұр! Алайда ол ВК әлеуметтік желісінде АҚША СҰРАҒАНЫ ДӘЛЕЛДЕНІП ТҰРСА ДА, сол балалар жауапқа мүлдем тартылмай, өздерінен төменгі, кіші сыныпта оқитын, мектептің үлгілі баласы әрі президенті НҰРБЕК есімді бала 3 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛЫП ҚАМАЛЫП КЕТЕДІ! НЕГЕ?


Жарайды, 11 сыныпта оқитын Ерсұлтан қайтыс болды, өзіне қол жұмсауының себеп-салдары, өзінің сыныптастары ақша бопсалаған. БІРАҚ, төменгі 10 сыныптың оқушыларының 15 тен астамы жәбірленуші болып, 10 сыныптың оқушысы болған НҰРБЕК ҚАМАУДА ОТЫР! 15 астам, жәбірленуші деп танылып кеткен оқушылардың ақша жинап Нұрбекке бергенін дәлелдейтін АУДИО, ВИДЕО ДӘЛЕЛДЕРІ ЖОҚ! Ал 15 астам оқушылар, тергеуде қысым көргенін апелляциялық сотта да айтып отыр. НЕГЕ?


Дәл осы іс бойынша, жәбірленуші деп танылған 10 сыныптың оқушылары тергеу кезінде. кәмілеттік жасқа толмағандығына байланысты ЖАУАП АЛҒАН КЕЗДЕ ПСИХОЛОГ, МҰҒАЛІМІ, АТА-АНАСЫ ҚАСЫНДА БОЛЫП, компютерде терілген жауапты қағазға басылғанда өздері бір рет оқып қол қоюуы тиіс деп санаймын. АЛАЙДА, жауап алар кезінде, тергеуші тарапынан қысым, ҚОРҚЫТУ әрекеттері болғанын оқушылар мен ата-аналары да ЖАСЫРМАЙ сотта да айтты. Керек десеңіз, Нұрбектің туылған күніне 4000 тң алып барып беріп, ұстатып жіберетін жоспарда болған екен.


Оғанда көндік делік, Сол жәбірленуші деп танылған 15 тен астам оқушының тергеу кезіндегі жауап алар сәтте, қасында НЕ МҰҒАЛІМ БОЛҒАН, НЕ ПСИХОЛОГ ОТЫРҒАН, бірақ тергеудегі жауап алу парақшасына МҰҒАЛІМ МЕН ПСИХОЛОГТЫҢ қолдары ҚОЙЫЛҒАН! 15 тен астам оқушылардың ата-аналарының ӨЗБЕКСТАННАН КӨШІП КЕЛГЕН ҚАЗАҚ ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ЕКЕНІН БІЛЕ ТУРА, АУДАРМАШЫ БЕРМЕГЕН ЖӘНЕ ҚОЛ ҚОЯР КЕЗДЕ КҮННІҢ КЕШ БОЛҒАНЫН АЙТЫП, ОҚЫТПАЙ, 15 астам, кәмілеттік жасқа толмаған оқушыларға, берген жауаптарыға деп, көптеген парақтар мен құжаттарға ҚОЛ ҚОЙДЫРҒАН ЕКЕН! НЕГЕ?

Сотталған Нұрбектің «ӨКІНЕМІН» деген сөзі қылмысты мойындағаны емес деп санаймын. Нұрбек бірінші қамалған кезде, журналистер теледидарларда тек «ӨКІНЕМІН»- деген жерін ғана көрсеткен екен. Алайда Нұрбек бүгіңгі күнге дейін Ерсұлтанның қайтыс болғанына және осындай ата-анасын қиын жағдайда қалғанына «ӨКІНЕМІН»-деп айтқан. Өкінемін деген сөз бен бір адамды толық қанды білмей қаралап, қылмыскер деуіміз ҰЯТ ЕМЕС ПЕ?
Тағы айтып, ЕСКЕРЕТІН жәйт. Тергеуші, Нұрбек туралы ХАРАКТЕРИСТИКАНЫ қабылдамай, ДҰРЫСТАП ЖАЗЫП КЕЛ ДЕП ҚАЙТАРЫП ОТЫРҒАН. Айтуларынша НҰРБЕКТІ ЖАМАНДАП ЖАЗУ КЕРЕК БОЛҒАН ЕКЕН. БІРАҚ ЖАМАНДАП ЖАЗБАЙТЫНЫН, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ МЕН МҰҒАЛІМІ айтып сол ХАРАКТЕРИСТИКАНЫ қабылдамасада, әрең дегенде өткізген. НЕГЕ тергеуші туралап жазуды, яғни жамандап мінездеме берулерін талап еткен? НЕГЕ?
Тағы да ЕСКЕРЕТІН жағдайлар ӨТЕ КӨП! Сол жағдайлардың ішінде, апелляциялық сот барысында, судья екі тарапты тыңдап тараптарға, күәгерлерді ұсынуларына мүмкіндік берді. Бірақ сол сотта күәлік еткен күәгер бала мен, сол күәгерге НҰРБЕКТІ АҚТАП АЛАТЫН БЕЙНЕ ЖАЗБА БАР ЕКЕНІН АЙТҚАН, КӘМІЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН қызды белгісіз біреулер, ОТБАСЫҢ МЕН ӨЛТІРІП КЕТЕМІН ДЕП ЖОЛДА ҰСТАП АЛЫП ҚОРҚЫТҚАН! Бірақ, ПОЛИЦИЯ тарапынан, қорқытқан адамдарды іздеп, тексеру әрекеттерін байқамадым ДЕГЕНМЕН ДЕ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ басшысына бұл жағдай айтылып, ресми ақпарат қалдырылған. Ал осы қорқыту амалдарын СУДЬЯ НЕГЕ ЕСКЕРМЕСКЕ?
Егер сотталған Нұрбектің кінәсі болса, оны ақ екенін дәлелдейтін бейне жазбаны неге өшіргізіп, ӨЛТІРІП КЕТЕМІН деп қорқытқан? НЕГЕ?
Сардар Әбдіжақия


Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?