2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын. Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні қаланың сыртынан жоғалған қыздың мәйіті табылып, Полиция департаментімен қылмыстық іс «кәмелетке толмағанды өлтіру» бабына ауыстырылды.

27 сәуірде полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау қаласында орын алған жас баланы өлтіру дерегіне қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол күдікті ретінде танылып, Талас аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 3 және 14-тармағымен сараланды (яғни, дәрменсіз күйдегі көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру).

28 сәуірде оған қатысты сотпен «қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда, барлық сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүрзілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жоғалған қызды іздеу кезінде белсенділік танытқан барлық азаматтарға, соның ішінде балаларға, Аруайдың сыныптастарына алғыс білдіреді.

Полиция департаменті аса ауыр қылмысты ашуда өзіндік үлесін қосқан Қаратау қаласының тұрғынын және Расул есімді бесінші сынып оқушысын марапаттау үшін Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев мырзаға ұсыныс білдірді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?