Құрметті достар!

Менің онлайн жеке қабылдауыма көптеген сауалдар түсүде.

Оның арасында көптеген ауыл тұрғындары мына мәселені көтеріп отыр.

Жеке мал жаюға арналған жайылымдар туралы.

Ауылдарда жайылымдар көбісі кезінде не арендаға не жеке меншікке өткен.

Ауылдағы тұрғындар өзінің бір екі ірі қарасын, 5-6 қойын бағайын десе жайылым не жетіспейді не атымен жоқ.

Мәселе өте өзекті.

Бірақ бұл мәселе Парламентпен шешілген.

Осыдан бірнеше ұақыт бұрын Заң қабылдаңған болатын.

Ол Заңмен Жер кодексіне бірқатар осы мәселеге қатысты өзгерістер еңгізілді.

Енді Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес, «жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскелері «жеке ауладағы ауыл шаруашылығындағы үй жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға мұқтаждығын қанағаттандыру»үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы мүмкін.

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағында:

«Мемлекеттік меншіктегі кенттер мен ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі».

Бұл істің механизмі былай: 
жергілікті әкімдік «жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар» әзірлеуі тиіс.

Жоспар мал басына бекітілген нормативтерге сәйкес жайылымдық алқаптардың қажетті көлемін ескеруі тиіс және оны аудандық мәслихат бекітеді.

«Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар» негізінде жалға алынған немесе меншіктегі елді мекендердің айналасындағы жайылымдарды жергілікті тұрғындардың мал жаятын аумағы ретінде мәжбүрлеп алып қоюға болады.

Осылайша, заң толығымен сіздің жағыңызда!

Сондықтан мен ауылдық округтердің тұрғындарын жергілікті әкімдіктерден Қазақстан Республикасы заңнамасының осы ережесін іске асыруды талап етуге шақырамын.

Егер, жергілікті билік органдары қандай да бір себеппен мал шаруашылығын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда,маған нақты фактілермен байланысқа шығып, жаза аласыздар.

Біз бұл мәселені бірге шешуге тырысамыз.

Құрметпен сіздердің депутаттарыңыз Нұржан Әлтаев

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?