Бүгін, Түркістан облысының облыстық сотында, сағат 12:00 де болып өткен, Зиядинхан Пирнияз төрағалық еткен апелляциялық шағым бойынша, сот отырысыда судья 3 қаулы мен нүктесін қойды. Толық мәтінін 13 мамыр күні оқитын болып, бүгінгі қабылданған 3 қаулы жарияланған күннен бастап өз күшіне енді.

Нұрбек Тұрсынхан

Сотталған Нұрбек Тұрсынханның ата- анасы, яғни заңды өкілі Абуова мен адвокаты Абуовтың және жәбірленуші, қайтыс болған Ерсұлтан Ахмеовтың заңды өкілдері Ахылбекова және Ахылбековтардың, АШЫҚ СОТ талқылауындағы апелляциялық шағым бойынша қылмыстық ісін қарап, ҚР ҚПК-нің 431 бабының, бірінші бөлігі, бірінші тармағын, 443бабын, 444 бабының 2 бөлігін басшылыққа алып сот алқасы қаулы етті.
Сотталған Нұрбек Тұрсынхан жөніндегі, Түркістан облыстық кәмілеттік істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотының 2018 жылдың 28 желтоқсандағы ҮКІМІ ӨЗГЕРІССІЗ, сотталғанның адвокаты Абуовтың, жәбірленуші Ахылбековтың АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРУСЫЗ ҚАЛДЫРЫЛСЫН!
Наразы жақ, қаулы жария етілген күннен бастап 1 жыл ішінде, ал басқа негіздер мен мерзімі шектеусіз коссациялық тәртіп пен өтініш хат, наразылық беруге құқылы- деп дөп басты.
3 ЖЕКЕ ҚАУЛЫ ШЫҒАРЫЛДЫ!


ҚАУЛЫ ЕТТІ!
ҚР ҚК 194 бап 2 бөлігі, 1-3 тармақтары мен 28 бабы 3 бөлігі арқылы 105 бабының 3 бөлігі мен сотталған Нұрбек Тұрсынханның қылмыстық ісі бойынша, жасы кәмілеттік жасқа толмағандар Б. Қ. З. және АНЫҚТАЛМАҒАН тұлғалардың әрекеттеріне, Шымкент қаласының №83 мектептің оқушыларына ақшаны қорқытып алу және жәбірленуші Ахмедовтың ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСЫ бар жоғын АНЫҚТАУ ҮШІН, ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ мәселесін ШЕШУ ҮШІН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНА және ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНА, БҰЛ ЖӨНІНДЕ ЖЕКЕШЕ ҚАУЛЫ МЕН ХАБАРЛАНСЫН. Қолданылған шаралар жөнінде, Түркістан облыстық сотына 1 ай мерзімінде хабарлансын- деді судья.

Жәбірленуші ұсынған күдіктілер

Демек, бұл іске қатысты адамдарды жазаланатын уақты келді. Нұрбек ақталмаса да, сол іске қатысты адамдар және осы істі біліп тұрып жасырмақ болғандар болса, енді оны прокуратура мен полиция департаменті тергеп, тексеріп сотқа жолдайтын мүмкіндік келді. Ал мен ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫ МАҚСАТ ҚОЖАБАЕВҚА және ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ЕРАЛЫ МҰСАӘЛІҰЛЫНА сенімім ӨТЕ ЖОҒАРЫ. Себебі. аталған екі басшылық, өз істеріне қатысты қанша әділдікке әділетсіздіктерді жығып беріп отырған адал тұлғалар екеніне көзім жеткен!

Айта кету керек, айдың күннің амандығында, көшеден тауып алып суретке түскен оқушылар мен ВК әлеуметтік желісінде ақша бопсалағандарды да енді сотқа жеткізетінін және сотталған Нұрбекті 4000 тң беріп ұстатып жібереміз дегендер тергелсін дейміз. «СМОТРЯЩИЙ» лер жалғыз болмайтыны анық. «ЖЫР» деген лақап ат пен жүргендерінде сот отырыснда бұқара халық естіген болатын. Мейлі, әзірге Нұрбек кінәлі болып тұр. Бірақ бір адам қылмыскер болып мектеп ішінде 1000 ға жуық оқушыға СМОТРЯЩИЙ болуы сенгісіз жағдай екенін ескеріп, солСМОТРЯЩИЙлердің қасындағыларды да сот алдына жеткізеді деген сенім білдіреміз.

Жәбірленушінің айтқан, жәбірленуші болып кеткен «күдікті»


ҚАУЛЫ ЕТТІ!

ҚР ҚК 194 бап 2 бөлігі, 1-3 тармақтары мен 28 бабы 3 бөлігі арқылы 105 бабының 3 бөлігі мен сотталған Нұрбек Тұрсынханның қылмыстық ісі бойынша, Шымкент қалалық полиция департаменті, Қаратау полиция бөлімі кәмілетке толмаған істер жөніндегі қызметкерлер тарапынан, №83-мектепті ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН АЛУ және мектепте орын алған құқықбұзушылықты АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕГЕНІ БОЙЫНША, ШАРА КӨРУ ҮШІН Шымкент қаласы ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ жекеше қаулы мен хабарлансын-деді судья

Енді, Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығы тараптан, Шымкент қаласы №83 мектептегі ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН АЛУ және мектепте орын алған құқықбұзушылықты АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕГЕНІ БОЙЫНША тиісті шара көретін болады. Ал бұл шара көру бойынша, Шымкент қаласының ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ басшысы Ералы Жұмаханбетовқа көңіл тоқ. Ол өз жұмысына адал полицей, БІЛІКТІ БАСШЫ!
Полиция департаменті басшылығы тарапынан, осы https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1077687522418750&id=100005325377496 сілтемеде жазылған сұраныстар мен түсініксіз жәйттердің жауабы анықталады деп сенемін. 
жоғарыда көрсетілген сілтемеде жария етілген сұрақтар бойынша жауаптар тергеу барысында анықталып, сотқа жолданатын болды деп, үміттенеміз.

М есімді баланың смс хабарламасы

3

ҚАУЛЫ ЕТТІ!

ҚР ҚК 194 бап 2 бөлігі, 1-3 тармақтары мен 28 бабы 3 бөлігі арқылы 105 бабының 3 бөлігі мен сотталған Нұрбек Тұрсынханның қылмыстық ісі бойынша, Шымкент қаласындағы № 83 мектеп ДИРЕКТОРЫ, оның ОРЫНБАСАРЛАРЫ және МҰҒАЛІМДЕРІ тарапынан ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН АЛУ және профилактикалық жұмыстары ЖҮРГІЗІЛМЕГЕНІ және оқушылардың арасында ақшаны қорқытып алу туралы ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ органдарына ХАБАРЛАМАҒАНДАРЫ ТУРАЛЫ, ШЫМКЕНТ қаласы БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ басшысының кінәлі адамдарға ШАРА КӨРУ ҮШІН жекеше қаулы мен ХАБАРЛАНСЫН- деп хабарлады судья.

Сот соңында, судья, қылмыскер жалғыз болмайды деген сынды пікір айтып, біреудің ақшасын алып біреуге алып барып беру де жауаптылықты көздейді. Оларда жазалануы керек деген судьяның пікірін бізде қолдаймыз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?