Патриоттық сезімге тәрбиелеуде Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құраммен жұмыс істеуде аса мән береді. Оның ішінде басты назарда жас қызметкерлердің ант қабылдауы. Бүгін Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде салтанатты түрде жас қызметкердің ант қабылдауын өткізді. 42 адам барлық қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасына адал қызмет ететіндеріне ант етті. Қарағанды облысы ТЖК «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтың орынбасары , азаматтық қорғау полковнигі С. Н. Бимагамбетов ашылу салтанатында атап айтқандай: «Ант қабылдау – бұл барлық қызметкердің қобалжыйтын және қуанышты сәтінің бірі. Ант беру – халыққа адал қызмет істеп, Отан алдындағы бұзылмас берік борышын атқару. Қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдауы Отанына деген адалдық, Қазақстан Республикасының

өрт сөндіру қауіпсіздігі және адамдарды құтқару тапсырмасын орындау үшін дайын екендігін сипаттайды».

Тотия Енсебаева

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?