2019 жылдың 3 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Любовь Доброта Полиция департаментіне хабарласып, орталық көшелердің бірінде есірткі тектес өсімдік заты өсіп тұрғаны туралы хабарлады.
Шымкент қаласы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел түрде аталған мекен-жайға барып, орталық көшелердің біріндегі аялдама жанындағы гүльзарда 1 дана «сора» өсімдігі мен 1 дана «көкнәр» есірткі тектес өсімдігі өсіп тұрғаны анықтады. 
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 300 бабы, 1 б. бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Шымкент қаласы Полиция департаменті қылмыстың алдын-алуда белсенділік танытқаны үшін Любовь Добротаға алғыс айтады. Ал қала тұрғындарына алдағы уақытта осындай есірткі қылмысына қатысты мәліметтер болған жағдайда, мына телефондарға 98-00-61, 97-65-25 хабарласу керектігін ескертеміз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?