Департамент залында соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері жиналды. 
Павлодар облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров жиналғандарды құттықтап, сөз сөйледі. 
— 9 Мамыр – бұл Ұлы Жеңіс мерекесі және сонымен бірге ұрыс даласында қаза болғандарды еске алу күні. Қанша жыл өтсе де бостандығымыз, абыройымыз бен тәуелсіздігіміз үшін қан төккен халқымыздың ерлігін естен шығару мүмкін емес. Бұл мереке шын мәнінде қасиетті және ұлы, және біз бұл соғысты қандай қиындықпен жеңгенімізіді есте сақтауға міндеттіміз. Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында, біз Отан қорғаушылар Күнін атап өтудеміз! Біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаушылардың алдыңғы қатарында болу — үлкен құрмет. 
Амантай Ақрамұлы барлық жеке құрамды және ардагерлерді ерлік пен батылдық мерекесімен құттықтай отырып, баршаға денсаулық, отбасылық құт-береке, бейбіт күндер мен жақындарының қамқорлығы мен мейірімділігін тіледі. 
Жеңіс күнін және Отан қорғаушылар күнін атап өтуге орай үздік қызметкерлер де салтанатты марапатталды. 
ҚР ІІМ және Департамент бастығы бұйрығымен өздеріне жүктелген міндеттерді және жас қызметкерлерге үлгі болып табылатын 130 –дан астам полиция қызметкерлері марапатталды. 
Ішкі істер органдарындағы адал қызметі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін және Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге байланысты кезекті арнайы «полиция полковнигі» атағын мерзімінен бұрын Павлодар қ. Полиция басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ермек Әлжановқа берілді.
Министрдің Құрмет Грамотасымен полиция подполковнигі Арман Уәлиев — Көші-қон қызметі басқармасының бастығы және Ардақ Иманғалиев — Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары белгіленді. 
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Қанат Қожабеков – ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы марапатталды.
ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» атты төс белгісімен 3 қызметкер марапатталды. Министр бұйрығымен екі адам ІІМ Грамотасымен және алты адам алғыс хатпен белгіленді. 
Генералдың құқығымен әйелді суицидтен құтқарып қалғаны үшін жол – пост қызметінің рота қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Айғожин Ербол және қылмысты жасаған күдіктіні ұстағаны үшін жол – патрульдік полициясының полицейі полиция сержанты Молдабеков Нұрлан бағалы сыйлықпен марапатталды. 
Департамент Грамотасымен 35 полицей көтермеленді, 30 қызметкер алғыс хатпен және 50 қызметкерге алғыс жарияланды. 
Іс-шара соңында, қалыптасқан дәстүр бойынша, дарынды қызметкерлер әріптестері мен ардагерлерді тамаша концерттік бағдарламамен қуантты.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Павлодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?