Мұнайлы полицейлері өртеніп жатқан үйден 4 адамды алып шықты. Оқиға 27 сәуір күні түнгі сағат 23:00 шамасында болған. 
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында жол қозғалысын және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында патрульде жүрген полицейлер «Құрмет» көшесіндегі екі қабатты №15 үйде өрт шыққанын байқайды. Төтенше жағдайды бағалап, үйде адамдар бар болуы мүмкіндігін түсінген полицейлер оқиға орнына дер кезінде жетеді. Олар пәтердің есігін қағып, қаннен-қаперсіз шырт ұйқыда жатқан үйдегілерді оятып алады. Үйде 1975 жылы және 1963 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылы және 1981 жылы туған екі әйел адам болған екен.
Төрт азаматты сол күні түнгі кезекшілікте болған Мұнайлы ауданы Пб Патрульдік полиция ротасының командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Аскан Кадырчаев және Арлан-3 жасағында болған Мұнайлы ауданы Пб Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Амангелді Тасқожаев және полиция кіші сержанты Досбол Қалабай құтқарып қалды.
Осылайша, аталған полиция қызметкерлерінің батыл және жедел әрекеттерінің арқасында төрт адам ажалдан аман қалды. Олар өмірін құтқарып қалған полицейлерге алғыс білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.

Лаура Тындырғанова

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?