4 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты мекемелер арасында «Спорт-денсаулық кепілі!» атты кіші футболдан турнир өтті.
Аталған спорттық іс-шара әр жылдың 21 мамыр яғни, мәдениет қызметкерлерінің күні қарсаңында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
Ал бүгінгі өткен дәстүрлі жарыстың бір ерекшелігі-Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған жолдауын басты назарға ала отырып, мәдениет саласында қызмет етіп жүрген барлық жастарымыз жұмыла атсалысты.
Сондай-ақ, жылда өткізіліп жүрген жарыстың негізгі мақсаты мәдениет қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және осы сала қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру болғандықтан, соңғы уақытта мәдениеттің жігіттері де спорттық белестерден аз көрініп жүрген жоқ.
Бүгінгі жарыс барысында мәдениет басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина жарысқа қатысушыларды алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, бүгінгі жарысқа сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашып берді.
Сонымен бүгінгі жарысқа тоқталар болсақ, Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден 5 команда жасақталып, жасыл алаңда өз бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысына келер болсақ, І-орынды Жамбыл облыстық қазақ драма театры жеңіп алды. ІІ-орынды Облыстық халық шығармашылығы орталығының жігіттері жеңіп алса, ІІІ-орының жүлдесін Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің командасы қанжығасына байлады. Бұл командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ал қалған қатысқан командаларға басқарма басшысының орынбасары З.Сембина мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті. 
Сондай-ақ, бүгінгі турнирдің үздік шабуылшысы Тараз қалалық мәдениет үйінің шабуылшысы Д.Базарбаев, облыстық халық шығармашылығы орталығынан М.Ералыұлы үздік ойыншы деп таңылса, Облыстық филормонияның ойыншысы М.Әлсейітов үздік қақпашы атанды.
Бұл ойыншыларға да арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?