4 мамырда Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі «Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында. Құпиясыздандырылған құжаттар» атты дөңгелек үстел және көрме өткізді. 
Архив ғимаратының әрбір қабатында Ұлы Отан соғысы жайлы деректер көрмеге қойылса, Жеңіс туралы рухты әндер әуеде қалықтады. Салтанатты шараның шымылдығын Ұлы Отан соғысының ардагерлері ашып, көрменің тұсауын кесті. 
Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тауып, елге бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлеріміздің құрметіне бір мезет үнсіз еске алумен басталды. 
Дөңгелек үстелдің алғысөзін алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» директоры Арнұр Қарымсақов ардагерлер мен қонақтарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, «Құрметті ардагерлер, қадірлі қонақтар мен әріптестер! Орталық мемлекеттік архив еліміздегі ең көлемді әрі көне архивтердің қатарында. Бүгінде архив қорында 16 ғасырдан бері жинақталған бір жарым миллионға жуық құжаттар сақталып тұр. Архивте қағаз құжаттармен қатар, фото, фоно, киноқұжаттар, ноталық жазбалар мен кескіндеме құжаттар жиынтығы бар. Бүгінгі іс-шарамызда Ұлы Отан соғысы жайлы архивте бар құжаттардан көрме ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?