Сыр елінің мақтанышы, тек Сыр еліне ғана емес,бүгінде өнер жолында қанаты талмастан еңбек етіп келе жатқан Республикамызға белгілі әнші, Руслан есімді ұлдарыңыз болады. Естеріңізде болса, кезіндегі 8-9 жасар Руслан, сахнаға имене шығып, алғаш рет дүйім жұрттың алдында ән салған еді,міне одан бері 17-18 жыл өтіпті. Руслан Садықов бүгіңгі таңға дейін, Сейфуллин Жолбарыстың сөзіне жазылған, Ренат Гайсиннің әні «Күтемін сені» орындайтын республикалық «Жас қанат» конкурсының күміс қанат иегері, лауреаты, Беларуссияда өткен халықаралық «Славянский базар в Витебске» конкурсының лауреаты, Эстонияда өткен халықаралық «Эду», «Аплаус» конкурстарының лауреаты, Украинада өткен халықаралық «Крымская волна» конкурстарының лауреаты, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының ұздігі» марапаттарын алып, биік белестерді ьағындырып келе жатқан әнші, биік шыңнан бас көтерді.Белоруссияда өткен халықаралық «Славянский базар» конкурсына Қазақстанның атынан қатысқан Русланның қоңыр дауысы, қазылар алқасының ерекше назарына ілікті,Белорус композиторы Игорь Лученоктың «Зачарованная» әнін нақышына келтіріп орындап, сол байқаудан елге табысты оралды. Қайсы бір байқауларда болмасын өзінің кәсіби білімі мен табиғат ана берген қоңыр даусы мен ерекшелене білді.
Осы жетістіктерім үшін ұстазым Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс Қаракөз Ақдаулетоваға алғысым шексіз дейді әнші. Бүгін де Русланның репертуарында композитор Ренат Гайсин, Рамазан Тайманов,Алтын Бекенова, Асқар Дүйсенбі, ақын Иран Ғайыптың өлеңдері бар. 2014 жылы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Қазір Руслан үлкен шығармашылық ізденіс үстінде.

Сардар Әбдіжақия

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?