Кезекті оқу жылы аяқталды, енді ата-аналар үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру басты мәселе болып

табылады. Бұл ретте жазғы сауықтыру науқаны барысында балалар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер әртүрлі күтпеген жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан да балалардың демалуы кезінде қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөлу қажет.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың төрағалығымен жалпы білім беретін мектептердің, білім беру бөлімдерінің және балалар лагерлерінің директорларымен «онлайн» режимінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалар қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаевтың және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Әсет Манасовтың қатысуымен селекторлық кеңес өтті.

Селекторлық кеңесте сауықтыру лагерлерін алдағы маусымға дайындау және орын алған проблемалық мәселелері қаралды. Білім беру мекемелерінің балаларды қабылдауға дайындығы туралы барлық білім беру бөлімдерінің басшылары есеп берді. Лагерьлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылауды құзырлы органдар жүзеге асырды, деп атап өтті Білім басқармасы басшысының орынбасары Саясат Есеев.

Селекторлық кеңес барысында облыс ТЖ департаментінің қызметкерлері жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері туралы, табиғи өрттердің алдын алу туралы, мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерлерінің басшыларының қатысуымен жазғы демалысқа дайындығы туралы және қала сыртындағы 10 балалар лагерлерінің өртке қарсы жағдайын тексеру нәтижелері туралы айтты.

Сондай — ақ, облыс ТЖ департаментінің қызметкерлері жыл сайын Жамбыл облысында жазғы кезеңде табиғи өрттер болып, шөп шабу жұмыстары жүріп жатқанын, су айдындарында қайғылы оқиғалар орын алатынын және олардың с алдарынан адамдардың қаза болатынын, ал ең қайғылысы — олардың арасында балалар қаза болатынын атап өтті. Осыған байланысты, Жамбыл облысы ТЖ Департаменті белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық және аудандық комиссиялардың отырыстарында жазғы демалыс кезеңінде балалардың жарақаттануын және балалардың қаза болуын алдын алу мәселелері қарастырылады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін және судағы қауіпсіздікті сақтамау салдары қайғылы оқиғаға әкелетінін жеткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының басшысы білім бөлімдері басшыларының және мектеп директорлары алдында балалардың жазғы демалысы маусымында олардың өлімі мен жарақаттануын алдын алуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды, оның ішінде үгіт-профилактикалық материалдарын, оқыту элементтері бар бейнероликтерді әлеуметтік желілерде мессенджерах және білім беру басқармалары мен бөлімдерінің ведомстволық интернет порталдарында (сайттарында) орналатыру туралы міндеттерді қойды.

Жалпы, өткізілген отырыстың қорытындысы балалардың жазғы демалысы кезеңінде облыс су айдындарында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаза болуын және жарақаттануын ескерту бойынша іс-шарада айтылған ұсыныстарды есепке ала отырып шығарылды.

Қала сыртындағы лагерьдің әрбір басшысы балалардың демалысын қауіпсіз және барынша тиімді өтуіне бірінші кезекте жауапты, деп Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы қорытындылады.

Жамбыл облысы ТДЖ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?