Міне жаздың алғашқы күні де келді. Әсіресе ол балаларға жақсы. Алда есте қалатын және жарық сәттер көп, мектеп партасынан, кітаптардан демалыс, бос уақыт көп…

Жазғы мерзімінің басталуымен ТЖ департаменттің бағынысты бөлімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуін өте жауапты уақыт басталады… Одан бөлек, баланың өмірін қайғылы жағдайдан сақтап қалуға барлық азаматтық қорғау және білім беру органдары сол бағытқа тиесілі.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы ТЖ департаменттің Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп, «Достық» орталық алаңынды және Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта «Балаларды қорғау күні» мерекесінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ата-аналармен әңгіме барысында жаднамалар, буклеттер таратып, сонымен қатар балалардың терезелерден және биіктіктен құлауы туралы өзекті тақырыпты қозғады. Осындай іс-шаралар тек мереке күндері емес жазғы шомылу маусымы аяқталғанға дейін жұмыс күндері жалғасады!

Сондай-ақ «Jambyl» телеарнасында «1 Студия» бағдарламасының тікелей эфирінде Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Денис Охрименко және аға инженері Айгүл Шахабаева сөз сөйледі. ТЖ департаментінің қызметкерлері өз сөздерін сөйлеуін бүгінгі күні тұрғындар үшін өзекті су қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арнады.

Телебағдарлама барысында орман-дала өрттерін талдау нәтижелері, өткен жылдардағы су айдындарындағы оқиғалар бойынша талдау деректері және су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барынша күш-жігерді қабылдаудың маңыздылығы тұрғындарға жеткізді.

Өз сөзінің соңында облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 440-бабына сәйкес, («алкоголь ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») адамдардың шомылатын орындарында, су қоймаларына іргелес жерлерде әкімшілік тәжірибені қолдану бойынша халық арасында рейдтік мобильдік топтардың жоспарланған іс-шараларына ерекше назар аударды., сондай-ақ, аталған кодекстің 336-бабын («өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау») елді мекендерде және орман-дала алқаптарында қолдану.

Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?