2019 жылдың 7 маусымы күні Түркістан қаласына арнайы сапары барысында Агенттік Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығында» болып, қос орталықтың цифрлық-электрондық мүмкіндіктерімен танысты. 
Өз сөзінде университет ректоры Болатбек Абдрасилов алып, жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – студенттерге қолайлы жағдай жасау мен білімгерлерді сапалы қызмет түрімен қамтамасыз ету екендігін атап өтті. 
«Студенттерге қызмет көрсету орталығының» негізгі бағыт-бағдарын орталық басшысы Салима Мұратбекқызы түсіндіріп, Халықаралық білім ордасы әркез студенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге дайын екендігін жеткізді. 
Кездесу барысында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету керектігін атап өтіп, университет ректорына аталмыш орталықтың алдағы уақытта цифрландыру жүйесіне түбегейлі көшу керектігін тапсырды. 
Бүгінде бұл орталық білім алушылардың электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіруде жүйелі жұмыс жасап келеді. Айта кетсек, «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» 2018 жылдың қазан айында өз жұмысын бастап, білімгерлердің игілігіне берілген болатын.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?