Жайылымдық жер туралы. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауыл округіне қарасты «АЛҒАБАС ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ»-нің 405 гектар жайылымдық жері кезінде Үркімбаев Болат ОҚО-ның «МЕМЛЕКЕТТІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК»-тің басшысы болып тұрғанда, сол кездегі ауыл əкімі мен кооператив төрағасы қошеметке, Бəйдібек ауданы əкімінің 30. 06. 2003-жылғы номері 350 қаулысымен, қарындасы жеке тұлға Үркімбаев Еленаға берілген. Ол жерді игермегендіктен аудан әкімінің 2011-жылы номері 427 қаулымен күші жойылған. «АҢҚАУ ЕЛГЕ-АРАМЗА МОЛДА» демекші содан бері бұрынғы төраға өзі пайдаланып келеді. Жайылымдық туралы арнайы заң шыққан соң, Ауылшаруашылық Министрі Ө. Е. Шөкеев : «ЖЕКЕГЕ САТЫЛҒАН ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛАДЫ» деп теледидардан айтып еді. Содан КООПЕРАТИВ мүшелері сол жерді қайтару мақсатында ізденіп бармаған жері, баспаған тауы қалмады десе де болады? Ең соңында ауданға келіп тірелді. Өйткені, ешкімге тиесілі емес, ауада тұрған жер болып шықты. Бір-ақ бұрынғы төрағамыз : Үркімбаевтан сенім хатым бар- деп жеке өзі пайдаланып келген. Қазіргі таңда адам басы да, мал басы да өсіп жайылымдық жер тарлық етуде. Ауылдың айналасын орып аламыз да, малымызды тақыр жерде топыраққа жаямыз. Аудан басшылары құрғақ уəде беріп, шешеміз деп келеді. Содан бері үш жылдың жүзі болды. Енді АУКЦИОНҒА қоямыз дейді? Қазіргі КООПЕРАТИВ ТӨРАҒАМЫЗ АУКЦИОНҒА қатысып кері қайтарамыз деп еді, аудандық əкімшілігі Б. Үркімбаев қайтару үшін сотқа беріп жатыр деп АУКЦИОНҒА шығармауда? Қашаннан бері пайдаға асырмаған жерді енді іздестіруі күмəнді болып тұр? Қазіргі таңда Ө. Е. Шөкеев мырза Түркістан облысының әкімінің назарына іліксе деген үмітіміз бар. Хат жолдаушылар: АЛҒАБАС КООПЕРАТИВІНІҢ МҮШЕЛЕРІ- деп, Бақытжан Жұмаділдаев өз шағымын жеткізіп отыр.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?