Бүгін таңға жуық Шымкентте Водопьянов көшесінде орналасқан ескі жатақханадан өрт шықты. Бір қабатты көппәтерлі үйдің шатыры жанған. Бұл 32 отбасы тұратын 1936 жылы салынған қорғасын зауытының бұрынғы жатақханасы болатын. 
Өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Оған жалпы 14 арнайы техника мен 60 жеке құрам қызметкері жұмылдырылған. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір сол жерде арнайы мамандар жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда, қала тұрғындарына әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, зардап шеккен тұрғындарды 4 колледждің жатақханасына уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды және оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Үйлерінен өрт шыққан тұрғындарға күш қуат пен шыдамдылық тілейміз. Біз адамдарды қиын жағдайда қалдырмаймыз!- деп хабарлайды Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?