Жыл басынан бері қалада 21 көлік компаниясына кемшіліктерді жою жөнінде 67 ескерту хат жолданған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау мақсатында көлік компанияларының өкілдерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2019 жылдың нәтижесінде талапты сақтамаған екі бағытпен келісім-шарт бұзылған.

Қалада 2018 жылы әлеуметтік маңызы жалпы 10 бағыт бойынша автобустар шалғайдағы шағынаудандарға қатынай бастады. Атап өтсек, 55, 141, 142, 143, 144, 146, 147, 148, 149 және 150 бағыттары күнделікті қала тұрғындарын тасымалдауда, деп жазады тілшіміз Тағабай Қасым.

– «SHYMKENT» ӘКК» АҚ биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлауда. Жоба бойынша 300 автобус маусым-шілде айларында, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін сатып алынады. Электронды төлем жүйесін ендіру бойынша корпорация әлеуетті инвестор «Оңай» ЖШС-мен бірге жұмыстар істелуде. Электронды төлем жүйесін 2019 жылы бастап, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, бүгінде шаһарда 33 шақырымды құрайтын 11 магистралды көшеде құрылыс, қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір жерүсті өткелінің және 5 көпірдің құрылысы және қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Фото: Береке Сейітжаппар

#АКО_Шымкент

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?