2019 жылдың 7 маусымында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында тұратын 45 жастағы ер адамның үйіне санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында оның сарайынан шүберекке оралған екі брикет табылды. Олардың ішінде құрамында ұнтақ тәрізді заты бар екі полиэтилен орамасы табылған. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 2 келі 51 грамм «героин» есірткі құралы.

Күдікті кінәсін мойындап, Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?