Қала тұрғыны Шымкент қаласының Полиция департаментінің бастығына Алғыс хат табыстады.

2019 жылдың 14 маусым күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтің азаматтарды қабылдау кезінде тікелей эфирде Шымкент қаласының тұрғыны М.Мурдухаев есімді азамат Алғыс хат табыстады. Онда ол 2016 жылдан бері созылып келе жатқан аса ауыр қылмысты ашқаны үшін Департамент бастығына және осы істі соңына жеткізуге септігін тигізген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оларды марапаттауды сұрапты. 
Атап айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Нуржан Тлеуов, жедел уәкілдер Шыңғысбек Серік, Анвар Муминов, Нуржан Арипбаев және тергеуші Жахангир Суннатовтың кәсіби біліктілігінің нәтижесінде шырмауы қиын қарақшылық шабуылдың кінәлілері анықталып, қылмыскерлер 11 және 16 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. 
Қала тұрғыны Мурдухаев шымкенттік полицейлердің жұмысына риза болып, алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласының полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?