Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.

Асқар Мамин К. Шәмшидиноваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі.  

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», — деді ҚР Премьер-Министрі.   

ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды. А. Мамин Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Бұл – мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту-деп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі     хабарлады 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?