Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты форматтағы өзара тығыз іс-қимылдардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Президент мырза, Сізбен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Бішкек қаласында кездескеніме қуаныштымын. Біздің елдеріміз ынтымақтастықта мол табысқа қол жеткізді. Алдағы уақытта өзара ықпалдастығымызды кеңейту арқылы бұдан да жақсы нәтижелер күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұхаммед Ашраф Ғани Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағанына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтады. Ауғанстан көшбасшысы Қазақстан халқының өз таңдауы арқылы елдің стратегиялық бағдарының сабақтастығын таңдағанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед Ашраф Ғанидың қызметіне табыс тіледі. 
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?