Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық барысында жасалатын құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері әрқашан өзекті және ауыр әлеуметтік проблемалар қатарына жатады. Ағымдағы заңнамаға сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастарға, ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар жатады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады. Тек 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы көлемінде отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастағы орын алған қылмыстар 12-ден 11-ге төмендеді. Көбіне көрсетілген дәрежедегі істер ҚР ӘҚБтК 64-бабының негізінде тараптардың татуласуына байланысты ақтамайтын негіздер бойынша өндіріспен қысқартылады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ескерту жасау немесе 3 тәулікке дейінгі қамаққа алу түріндегі жауапкершілігі көзделіп, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы әрекеттер-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сотта қаралған істерді талдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері болып, тұрмыстық алауыздық, материалдық жағдайдың болмауы, қызғаныш, сонымен қатар бұрынғы ерлі-зайыптылардың және басқа адамдардың амалсыз бірге тұруы, олардың арасында бұрыннан жағымсыз қарым-қатынастың орын алуын көрсетті. Көбіне құқық бұзушылықтар кешкілікте және түнгі уақытта жасалады. Көп жағдайларда дау спиртті ішімдіктерді қолданудың салдарынан және қылмыстық статистика көрсеткендей, бұндай даулар денсаулыққа зиян келтірумен аяқталған кездері де аз емес.

Әдетте отбасы-тұрмыстық даулар барысында өз туыстарының құрбандары ретінде жасына орай қарсылық таныта алмайтын немесе тәуелді жағдайда

болуға мәжбүр зейнеткерлер, сонымен қатар әйелдер және балалар болып табылады. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сотпен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленуі мүмкін, сонымен қатар 3 айдан бір жылға дейінгі мерзім аралығында жәбірленушінің еркіне қарсы оған баруға, ізіне түсуге, оны іздестіруге, ауызша және телефон арқылы келіссөздер жүргізуге, онымен қоса кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ отбасы мүшелерімен басқа жолдар арқылы хабарласуға тиым салатынын білген жөн.

Ерекше талаптар мерзімі аралығында құқық бұзушының жүріс-тұрысына профилактикалық әңгіме жүргізу үшін, ішкі істер органына айына 1-ден 4-ке дейін келіп тұру міндеті жүктелуі мүмкін. Жылына үш рет немесе одан да көп мас күйде әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанына орай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған созылмалы маскүнемдікпен ауыратын азаматтарға қатысты, 12 айлық мерзімге дейін емдейтін мекемеге бағыттау туралы сұрағы қаралуы мүмкін. Сонымен қатар заңнамамен «қорғау нұсқамасы» түріндегі нормасы көзделіп, ол отбасы мүшелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылған азаматқа шығарылады.

«Қорғау нұсқамасын» шығаруда құқықбұзушыға тұрмыста зорлық-зомбылықтан жәбірленген ортақ тұратын жерді уақытша босатуын және ортақ меншікпен иелік етуіне тиым салуды міндеттеуге болады. Отбасыдан «отбасы жанжалқорларын» оқшаулау, құқықбұзушының жағынан да және тұрақты «даулардан» шаршаған оның отбасы мүшелерінің жағынан да мүмкін болатын ауыр қылмыстың алдын алуға көмектеседі.

Әдеттегі қарапайым отбасы-тұрмыстық жанжал ауыр салдарға алып келуі мүмкіндігін ескеріп, адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда ымыраға келмеуіне дағдыландыру қажет. Көбіне әйел, бала, кәрі адам әртүрлі себептерге байланысты көмекке жүгіне алмайды. Өз туыстарының отбасыларында, таныстарында, көршілерінде отбасы-тұрмыстық жанжалдар туындап, соның барысында күш қолданатынын білетін әр адам, аса ауыр қылмысты және құқық бұзушылықты жасауға жол бермеу мақсатында, уақтылы профилактикалық шараларды жүзеге асыру үшін, ішкі істер органдарына жүгіну қажеттігін түсінген жөн.

Қазіргі таңда бес институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында, Ұлт жоспарында белгіленген — «100 нақты қадам», Бас прокуратурамен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспарын бекіту туралы

іс-шаралар да атқарылуда. Бұл жобаның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің нәтижелі комплексті механизміне дағдыландыру және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтың тұрақты түрде төмендетуі болып табылады.

Сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен мобильді қосымшада «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамасы әзірленген. Бұл әдебиет азаматтарға өздерінің заңды құқықтарын және бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында қолдануға арналған.

Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, тұрмыстық қылмыс фактілерінің санын азайту және оларды жою үшін, басқа да уәкілетті органдармен бірігіп, сонымен қатар барлық қоғам мүшелерінің күш біріктіруі маңызды. Облыс көлеміндегі отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар көрсеткіші төмендегідей болды: Жетісай ауданы 1 қылмыс, Түркістан қаласы 2 қылмыс, Кентау қаласы – 1 қылмыс, Қазығұрт ауданы- 1 қылмыс, Сайрам ауданы -1 қылмыс, Созақ ауданы 1 қылмыс, Сарыағаш ауданы 1 қылмыс, Келес ауданы 1 қылмыс, Шардара ауданы 1 қылмыс.

Отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның қызметкерлері арқылы — 2019 жылғы 5 айда жергілікті полиция қызметкерлері арқылы — 2284 тұлға профилактикалық есепке алынды, өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары (2018ж-2125). Оның ішінде учаскелік полиция инспекторлары арқылы қорғау нұсқамасы 1929 тұлғаға шығарылған және 197 тұлғаға мінез құлқына сот арқылы ерекше талап қойылған. Сондықтан да құқық бұзушылықтың кез келген түрінің алдын алу мақсатында БАҚ құралдары арқылы түсінік жұмыстарын жаңа деңгейде көтерудің маңызы зор. Өйткені отбасы бірлігі және оның нығайту шаралары өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Осындай авторлардың қатарын молайту мақсатында облысқа, аудандарға қарасты белсенді авторлардытартудың да маңызы зор. Солардың бірі Қазығұрт АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Перизат Иманова. Ол өзінің Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Атты мақаласында отбасындағы зорлық-зомбылықтың бала тәрбиесіне тигізетін зардабы туралы айта келіп, заңда көрсетілген әкімшілік, қылмыстық жазалар туралы түсінік бере кеткен

(«Қазығұрт тынысы» газеті №24 саны). Облыста «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР-ның 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-4 заңын басшылыққа ала отырып, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе профилактикалық атқарыла бермек.

Балтакесті Өтебеков

Түркістан облысы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?