Жазатайым оқиғалардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері темір жол көлігі ұйымдарында, оқу орындарында профилактикалық сипаттағы жұмыстарды жүргізуде және халықпен бірге жиындар өткізуде. 
Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов ағымдағы жылдың басынан бастап поездардың шұғыл тежеуі бойынша 677, оның ішінде сол аумақта адамның жүруі себепті 270 фактінің тіркелгенін атап көрсетті. Сондай-ақ темір жол бойына тасталған бөгде заттар бойынша 4 факті тіркелген. 
Ағымдағы жылдың 5 айында белгіленбеген жерлерде темір жол төсемін кесіп өткені үшін барлығы 259 азамат жауапкершілікке тартылды. 
«Шұғыл тежеу жолаушылардың денсаулығы мен өміріне орны толмас зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ол поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан бүгінгі күні мал бағу мен ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі өзекті болып қала береді және көлік полициясы қызметкерлері мен темір жол ұйымдары қызметкерлерінің алаңдатушылығын тудырады», – дейді Байкенов. 
Оның айтуынша, ағымдағы кезеңде темір жол төсемі бойында малдың көп жүруіне қатысты 349 шұғыл тежеу фактісі тіркелген. Мысалы, жыл сайын қызмет көрсетілетін «Алматы–Шу станциялары» учаскесінде поезд дөңгелектерінің астына түсіп, жазым болатын үй жануарларының саны 150-160 басқа дейін жетеді, олар сиыр, жылқы және қой түліктері. 
Жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, темір жолда адамдардың жарақаттану фактілері жалғасуда. Ағымдағы кезеңде еліміз бойынша 51 азамат поез дөңгелегінің астына түсіп, өліммен аяқталған фактілер бар. Орын алған оқиғалардың негізгі себептері зардап шеккендердің темір жолдардан белгіленбеген жерде өтуі, темір жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы болып табылады. 
«Көлік полицейлері әкімшілік шаралар арқылы осындай оқиғалардың алдын алуға тырысады. Атап айтқанда, белгіленбеген жерлерде темір жол төсемдерінен жайбарақат өтетін адамдарды жазалау, ата-аналарды олардың балаларының үлкендердің бақылауынсыз жоғары қауіпті аймақта болғаны үшін жауапкершілікке тарту», — деп түйіндеді полиция подполковнигі. 
Көлік полициясы темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды, темір жолды тек арнайы белгіленген орындарда ғана өту қажеттігін тағы да ескертеді. Әсіресе, балалардың темір жол – ойын ойнайтын орын емес екенін есте сақтаулары қажет. Темір жолға жақындаған кезде құлаққаптарды ұялы телефондардан ажыратып тастау керек. Сондай-ақ, платформаның шетінде сақтық шараларын сақтап, қауіп белгіленген сызықта тұруға болмайды. Сүрініп кетсе, рельске құлап, жақын келе жатқан поездың астына түсіп қалу қаупі бар.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?