Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында белгілі болды- деп хабарлады,Шымкент қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті
Аталған отырыста «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Төлебаев қоғамды тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтан арылту, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

  • «ASHYQ SAULET» жобасы аясында сәулет саласында 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Қазіргі таңда өтініштер онлайн қабылдануда;
    -«MEKTEPKE JARDEM» жобасы – Шымкент қаласының мектептерінде білім басқармасымен бірлесіп демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған «электрондық платформаның» жұмыс істеу процедурасын әзірлеу;
  • «SMART PARKING» жобасы – бірыңғай қалалық тұрақ кеңістігін құру;
  • «OPEN SPACE» жобасы мемлекеттік органдарда ашық кеңістік құру (5 әкімдік басқармасы және 4 аудандық полиция бөлімі);
  • «FLEXIBLE SCHEDULE» жобасы түскі үзіліссіз қызмет көрсетуге мүмкіндік берген Жұмыспен қамту орталығындағы икемді кесте;
  • «Integrity shop» жобасы және т.б.
    Сонымен қатар, Жобалық кеңсенің құрамы таныстырылып, аталған кеңсенің құрамына қалалық мәслихат депутаттарынан бір депутатты қосу ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.
    Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?