1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы әрі маңызы айқын нормативті құжаттың бірі болатын. Яғни, 23-маусым күні жыл сайын Қазақстан республикасының барлық аймағында сақшылардың мерекелерін атап өту дәстүрлі түрде қалыптасқан.

Айтулы мереке Түркістан облысына қарасты қала-аудандарында маусым айының 21-нен бастап кең көлемде атап өтілуде. Осы мерекені негізге ала отырып, полицейлер түрлі жүлделі жарыстар, спорттық сайыстар, игі бастамаларды іске асырып, қуаныштары еселене түсуде. Маусымның 21-інде, киелі шаһар Түркістанның орталық «Жеңіс» саябағында полицейлер үшін күнтізбедегі қызылмен жазылған, мерейлі мерекелердің бірі саналған «Қазақстан полициясы» күні салтанатты іс-шарамен басталды. Бірінші бөлімі сол саябақта ант қабылдау, Даңқ мемориалына гүл қою, үздік қызметкерлерді марапаттап мадақтау рәсімдері орындалып, Арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасының полицейлері қылмыскерлерді ұстау кезіндегі іс-қимылдарын көрсету арқылы, жауынгерлік өнерлерімен жиналған қауымды таң қалдырды. Одан әрі қарай мерекелік шара қалалық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Онда 200-ден астам полицейлер марапатталды. Дәл осы сәтте облыстың басқа да қала, аудандарында аталмыш мерекеге арналған шаралар ұйымдастырылып жатты.

Мәселен, Ордабасы ауданында полиция күні мерекесі тойланды. Ордабасы ауданының әкімі Қ.Жолдыбайұлы мен Ордабасы АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі Б.Селтановтар құттықтау сөздерін сөйледі. Тәртіп сақшылары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар аталған мереке Қазығұрт, Шардара, Түлкібас, Отырар, Жетісай секілді облысқа қарасты қала-аудандарда тойланды.

Қазығұрт АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі А.Ақшораев өз қызметін мінсіз атқарып жатқан бірқатар полицейлерге алғыс жариялады. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар өз деңгейінде марапатталды.

Шежірелі Шардара ауданында «Түркістан – түркі әлемінің төрі» атты Түркістан облысының 1 жылдығы мен Қазақстан Полициясы күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Онда аудандық мекемелерде қызмет атқарып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен қызметін мінсіз орындап жүрген сақшылар

марпатталды. Арыстанбап бабамыз қолдаған қасиетті Отырарда да айтулы дата ерекше аталды.

Аудан әкімі Е.Айтаханов мерекелік шарада бойжеткенді суға ағып бара жатқан жерінен құтқарып қалған Рахымжан Ниязбекұлының ерлігін бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге деп бағалап, бейбіт күннің батырына ерекше құрмет көрсетті. Аудандық спорт кешендерінің бірінде футболдан командалар өзара бақ сынасып, сайдың тасындай азаматтарымыз сайыс барысында оза шығып лайықты түрде үздік ойыншы секілді марапаттармен мадақталды. Аудан әкімінің атынан бірқатар қызметкерлерге алғыс жарияланса, аудандық мәслихат атынан қосымша 10 қызметкер марапатталды.

Түлкібас төрінде де полицейлер мерекесі керемет өтті деуге толық негіз бар. Спортқа жаны құмар сақшылар футбол ойынына тігілген жүлде үшін, тартысты әрі қызу ойын үлгісін көрсетті. Сақшылар өздерінің салауатты өмір салтын үнемі ұстанатындықтарын іспен дәлелдеді.

Сондай-ақ, Жетісай ауданындағы Ш.Ділдәбеков а/о «Бірлік» мәдениет үйінде «23 маусым – Қазақстан Полициясы күні» мерекесі өткізілді. Іс-шара барысында Жетісай АПБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Жайлыбаев және ауданның қадірлі ардагерлері сөз алды.Оған қоса, құқық қорғау саласында елеулі еңбектер атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етіліп, зейнетке шыққан қызметкерлерге сый-сияпаттар жасалды.

Осылайша, облысымызда жоғары деңгейде аталып өтіп жатқан құқық қорғау органы қызметкерлерінің мерейлі мерекесі әлі де жалғасын табуда. Өз тарапымыздан еліміздің қоғам тыныштығын күзетіп, тәртіпті қадағалап жүрген тәртіп сақшыларына толағай табыс тілей отырып, елдің алғысына бөлене беріңіздер демекпіз. Қарулы қылмыскерлермен қақтығысып, ажалмен бетпе-бет келуден тайынбаған, адам өмірін құтқарып қаламын деп талай рет ерлік көрсеткен полицейлердің жасаған еңбектері көпке үлгі, кейінгі ұрпаққа мақтаныш, абырой!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?