23-маусым Қазақстан полициясы күні Түркістан облысында кең көлемде мерекеленуде. Тәртіп сақшыларына ардагер-қарттарымыздан бастап, кішкентай бүлдіршіндеріміз бен жасөспірімдер де ізгі тілегін арнауда. 2019 жылдың 21-маусым күні «Қазақстан полициясына 27 жыл» толуына орай Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері және «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығының қызметкерлері бірлесіп осындағы демалушы балаларды қатыстыра отырып, мерекелік және спорттық іс-шаралар өткізді. Ұйымдастырушылар қатарында Сарыағаш АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Шамшат Ерлан, кадр саясаты тобының инспекторы полиция-майоры Алимкулов Мұрат, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция-майоры Ақтолқын Серікқызы бар. Бақытты балалық шақ тақырыбында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» ұранымен өткен мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен сынға түскен балалар, одан кейін концерттік бағдарлама қойды. Сауықтыру орталығындағы оқушылар, еліміздің тыныштығын қорғап, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында күн-түн демей жұмыс істейтін полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, кішкентай жүректерінен шыққан ізгі ниеттерін білдірді. Осындай мерекелік шара Кентау АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Алпамыс» жазғы демалыс лагерінде жалғасып, спорттық іс-шара ретінде өткізілді. Жарыстың ашылуында Кентау қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары полиция подполковнигі Тұрғанбаев Мұхаммедәли қатысушыларға сәттілік тіледі. Болашақ, Ғаламат, Достық болып, 3 топқа бөлінген демалушы балалар шағын футбол мен эстафеталық жарыстар бойынша жарысып, бақ сынасты. Спортқа бейім оқушылар барлық спорт түрлері бойынша шапшаңдықтарын көрсетіп, ойынды тартысты да қызықты өткізді. Ойын соңында жеңімпаздарға полицейлер тарапынан сый-сыяпаттар мен грамоталар табысталды. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын спорттық сайыстардан соң, өнерге жақын талантты балалар ән шырқап, би билеп мерекелік концерт ұйымдастырды. Болашақ ұрпағымыздың тәртіп сақшыларына деген сенімін, таза көңілін көріп, ел қорғандарының бүгінгі жасап жүрген жұмыстарының абыройы биік, нәтижелі екенін көруге болады. Сондықтан, Құрметті Қазақстан Полицейлері мерекелеріңіз құтты болсын! Қоғамымызда қылмысты болдырмауда атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болғай!
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?