Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұржан Омаровқа ІІ-дәрежелі мемлекеттік наградасы «Айбын» ордені берілді. Бұл марапатты мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов табыстады.
Еске сала кетсек, оқиға 2018 жылдың 17 қазанында тапа-тал түсте қала орталығындағы автотұрақта болған. Ішкі істер департаментінің тапсырмасымен кетіп бара жатқан қос полицей автокөліктерді тіміскілеп жүрген екеуді байқап қалады. Тәртіп сақшылары күдіктілерге жақындап, құжат сұрағанда әлгі екеудің тарапынан қарсылыққа тап болыпты. Жас екі күдікті тәртіп сақшылары құжаттарын көрсеткенін де көзге ілмеген. Өздерін таныстырудан бас тартып, көлікке жүр дегенде екеуі екі жаққа қаша жөнелген. Екінші күдіктіні қуып кеткен Нұржан Омаровтың әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Қашып бара жатқан жігітті қуып жеткенімен қоймай, бірнеше жерінен пышақ сұғып жатса да қашқынды тырп еткізбей ұстаған аға лейтенантты батырға балауға болады. Осыдан кейін көп қан жоғалтып, бір жарым сағат отадан өткен тәртіп сақшысы есін жияды. 
Өз сөзінде учаскелік полицейдің көмекшісі Нұржан Омаров: «Бұл әрекетімді ерлікке баламаймын. Мен өз қызметімді атқардым», — дейді. Ерлікке лайықты азаматтар әрқашан елге қызмет ете берсін деп тілейміз.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?