Полиция қызметкерлерінің қатарында азаматтарымыздың өмірін қорғауда өз денсаулығы мен өмірін тәуекел ететін ержүрек, батыл адамдар қызмет етеді. Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан тәртіп сақшыларының есімдері мәңгілік ел есінде.

Олар: Жирентаев Жанайдар Аскарбайұлы, Крета Евгений Владимирович, Павлов Сергей Павлович, Дильманов Әбдіғаппар Туребайұлы, Қонаев Марғұлан Амангелдіұлы, Шоханов Самат Болысxанұлы, Торибаев Дәулетбек Ескалиугли, Юсупов Бауыржан Сәрсеналиұлы.

Жылдың басынан бері барлық құрам 2000 қоғамдық-саяси және спорттық-мәдени іс-шаралардың қауіпсіздігін кірпік қақпай қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін өтетін мерекелерде де тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді. Полицейлердің қырағылығының арқасында Елордадағы қылмыс деңгейі 21%-ға дейін төмендеді. 10 мыңға жуық қылмыс ашылды.

Қалалық полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне наградалар тапсырып, қызметтік борышын өтеудегі адалдығы мен жанкешті еңбектері үшін алғысымды білдірдім. Одан өзге, қызметкерлердің материалдық-теxникалық жағдайына көңіл бөлу қажет. Қыстың көзі қырауда қоғамдық тәртіпті бақылау оңай жұмыс емес. Бұл саладағы адам факторының алдын алып, полиция жұмысын жеңілдету үшін цифрландырудың қарқынын күшейту қажет. Оның барлығы қаладағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы тәртіп сақшыларының адал қызметінің жемісі — қала тұрғындарының шаһардың қай бұрышында болмасын, кез келген уақытта өздерін толық қауіпсіз сезінуі.

Мәртебелеріңіз биік болсын, полицейлер!- деп жазады фейсбук парақшасында Алтай Көлгінов

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?