23 маусым күні қазақстандық полицейлер өз кəсіби мерекелерін атап өтеді. Атырау облысының әкімі мен полиция департаментінің басшысы облысымыздың полицейлерін мерекелерімен құттықтады.

2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым күні полиция күні деп ресми түрде бекітілді. 
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев полиция департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, атқарып жатырған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Полиция саласында қызмет ету өте қауіпті және қиын. Бірақ барлық ауыртпалықтарға қарамастан, тәртіп сақшылары қоғамдағы заңдылықты сақтау үшін қызмет етуде.

-Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сіздерді адал қызметтеріңіз бен таңдаған мамандығыңызға адалдық танытқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. 
Ішкі істер органдарында еңбек еткен ардагерлерге алғыс айтамыз. Ардагерлер бүгін де ізбасарлары — жас ұрпаққа үлгі бола алады. Бұл кісілер өз істерін жоғары деңгейде атқарған нағыз мамандар,- деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс басшысы полицияның әлеуеті өте жоғары екендігін, облыстық биліктің көмегімен материалдық-техникалық базаның деңгейі едәуір көтерілгенін атап өтті. Құқық қорғау органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселелері де шешілуде.

— Қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау біздің құқық қорғау органдарының міндеттерінің бірі. Мемлекет осы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасауда. Жол қауіпсіздігін сақтау үшін, қадағалау камераларын орнатуға жеткілікті түрде қаражаттар бөлінуде. Заңсыз балық өнімдерін сатумен айналасатындармен күрес жүргізілді.

Алдағы уақытта да біздің полициямыздың абыройы жоғары деңгейде болатынына сенімдімін. Кейде міндетін атқару үшін полиция қызметкерлері басын қатерге тігеді. Өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнседе, полиция халықтың денсаулығы мен өмірінің тыныштығы үшін жұмыс жасайды. Біздің облысымызда бұған дəлелдер көп,- деді Нұрлан Ноғаев.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Хамза Үмбетқалиев әріптестері мен қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін алдағы уақытта да абыроймен атқара беретініне сенім білдірді.

Мерекеге орай, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция қызметкерлеріне әскери шендер берілді. Бірқатар қызметкерлер адал қызметі үшін мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?