Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек беру ұсынысын бірауыздан қолдап, бір күндік жалақыларын аударуда.
Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерінен құралған полиция нарядтарының саны көбейтілді.
Облыс орталығының Теміржол вокзалы маңында полицейлер халыққа көмектесуді жалғастыруда. Жолаушы поездары тоқтау себебінен жедел шаралар қолға алынуда. Полицейлер жолаушыларды қажетті бағыттағы автокөліктерге отырғызып, оларға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Қажет болған жағдайларда медициналық көмек те көрсетілуде. 
Қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды іске асыруда. 

Қызылорда полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?