? Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түрде Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдейді.

? Бұл ақпарат оқиғаның 1 күні тараған болатын әрі ол бойынша сол кезеңде тиісті мәлімдемелер жасалды.

? Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау мен олардың жеке тұлғаларын анықтау бойынша барлық тиісті шараларды жүргізді.

? Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және Вотсап желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларыңызды сұрайды.

? Ресми ақпарат тұрақты түрде анайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.

? «Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыздар.

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?