Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) әр уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және оның салдарын жою ерекше назарында.
Осы мақсатта, Департаментпен бүгінгі таңға 85 ұсыныстар әр түрлі құзырлы органдарға жолданған, атап айтқанда : 38-і әкімшілік және оның құрылымыдық бөлімдеріне, ішкі істер органдарына – 39, салық органдарына – 5, әділет органдары – 2, орман шаруашылық комитеті – 1.
Сонымен қатар, жолданылып отырған ұсыныстар қазіргі таңда Департамент басшысы Н.Д.Қамбатыровтың мекеме ұжымдарымен кездесу арқылы қаралуда.
Кездесудің негізгі мақсаты — ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi 11 ұсыну қаралды.
Сонымен қатар, 14.06.2019 жылы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністерінің және ведомствалық бағынысты мекемелерінің қызметкерлерінің қатысуымен Келес ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы С.Тилеуовке қатысты қылмыстық ісі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайлар мен себептерін жою туралы ұсыну қаралып, жиналыстың соңында Департамент басшысы Н.Д.Қамбатыров мекеме қызметкерлеріне ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңының және сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында нормативтік құқықтық актілерді қатаң сақтау керектігін атап өтті.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?